Алматы облысында ВИЧ жұқтырған 9 жасар бала қайтыс болды

314

Бала шамамен 1 ай көлемінде ауруханада жатқан.

Алматы облысында ВИЧ жұқтырған 9 жасар бала қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 9 жастағы бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға ата-анасы қажетті дәрі-дәрмекті бермеген, соның салдарынан қайтыс болған. Шамамен бір ай бұрын баланың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Алайда баланың жағдайы нашарлай берген.

Айта кетейік, баланың ата-анасына 2016 жылы ВИЧ диаогнозы қойылған. Сол кезде-ақ нәрестені анасы енесінің қатаң нұсқауымен емізген, дейді мамандар. 

"Оның ата-анасының диагнозы 2016 жылдап бастап бізде тіркелді. Осы баланың да біз диагнозын 2016 жылы қойдық. Бала мен ата-анасы біздің орталықта есепте тұрды. Бірақ ата-анасы да әжесі де осы диагнозды қабылдаған жоқ. Осы диагноз оларда жоқ деп айтып, бізде ем алған жоқ. динамикалық бақылауға ем алмаған бала", - дейді қазақ дермотология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Сайрангүл Қасымбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу