Алматы облысында заңсыз полигон жойылады

439

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Алматы облысында қоқыс үйіндісін заңсыз төгуге қатысты видео тараған болатын. Оған қатысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді.    

Алматы облысында заңсыз полигон жойылады Фото: gov.kz

Алматы облысы бойынша экология департаменті 25 қаңтарда қоқыс төгетін полигон орналасқан Шелек ауылының батыс бөлігінің ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Тексеру барысында рұқсат етілмеген полигонда қатты тұрмыстық, медициналық қалдықтар мен мұнай өнімдері табылған.

Департамент Шелек ауылының әкімдігіне және "Балис 2007" ЖШС өкілдеріне оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

Шелек полиция бөлімінің қызметкерлері АТК (КУИ) материалын жасақтады, оның нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу