Алматы облысында жаңа аудан құрылады

2546

Алматы облысында жаңа аудан құрылады

Алматы облысында Нарынқол ауданын құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды kaztag.info.
Мәслихат отырысының нәтижесі бойынша, үкіметке сәйкесінше ұсыныс беру туралы шешім қабылданған.

"Қазақстан республикасының үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілсін", — делінген маслихаттың шешімінде.
Аталып өткендей, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға "Нарынқол" атауын беру туралы ұсыныс жіберілді. Бұған дейін Алматы облысында 16 аудан орталығы болса, жаңа ауданмен бұл көрсеткіш ұлғаятын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу