Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

193

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды Фото: polisia.kz

Алматы облысында полиция қызметкерлері жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілерді анықтауда Жедел басқару орталығының қызметкерлері зияткерлік бейнебақылау жүйесінің көмегімен күдіктілердің жүріп өткен бағытын жедел қалпына келтіріп, олардың жеке басын анықтады.

Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға дереу кірісті. ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адамның да жеке басы анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталады, – дейді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу