Алматы облысында бір топ жігіт төбелесіп, полиция аспанға оқ атты

201

Алматы облысында бір топ адам арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан.

Алматы облысында бір топ жігіт төбелесіп, полиция аспанға оқ атты Фото: gov.kz

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда бір топ адамның арасында жанжал шыққанын және олардың арасында полиция қызметкерінің аспанға екі рет оқ атқанын көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 2026 жылдың 28 наурызында Еңбекшіқазақ ауданында болған.

– Аталған дерек бойынша бұзақылық және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактілері бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар өңір полициясы ауаға атылған оқ ескерту сипатында болғанын және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылғанын атап өтті.

Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу