Алматы облысында жаппай көлік қақтығысы орын алды

987

Жол апатынан жарақат алған 5 адам Іле аудандық ауруханасына жеткізілді.

Алматы облысында жаппай көлік қақтығысы орын алды

Алматы облысында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды. 31 көлік зақымдалып, 5 адам жарақаттанған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

"Жол апатынан жарақат алған 5 адам Іле аудандық ауруханасына жеткізілді", – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек, жол апаты 08:15 шамасында Алматы – Өскемен автожолында орын алған. Көліктердің қақтығысуына ауа райының қолайсыздығы, яғни тұман мен көктайғақ тікелей себеп болған.

Қазіргі уақытта жолдағы қозғалыс ретке келтірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу