Алматы облысында жарылыс туралы жалған хабарлама таратқан оқушылар ұсталды

272

Олар қылмыс жасау кезінде анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.

Алматы облысында жарылыс туралы жалған хабарлама таратқан оқушылар ұсталды Фото: polisia.kz

Алматы облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін 9-сыныптың екі оқушысы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында олардың Астана қаласы мен Алматы облысындағы осындай 14 фактіге қатысы бары анықталған.

ІІМ мәліметінше, интернет пен әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің жалған хабарламалар тарату деректері жиілеген.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы 9-сынып оқушысы әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін басқа адамдардың атынан Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтаудағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы электрондық хаттар жіберген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар қылмыс жасау кезінде анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.

– Бұл "әзіл" немесе қалжың болса да, мұндай әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Жалған қауіп туралы хабарламалар адамдар арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай әрекеттер үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылған, – деді Аман Әубәкіров.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасарының айтуынша, мұндай жағдайлардың барлығы мұқият тексеріліп, күдіктілер заманауи технологиялардың көмегімен анықталады.

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпарат таратпауға және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу