Алматы облысында жарылыстан 2 адам зардап шекті

156

Қонаевта көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде газ-ауа қоспасының жарылуы тіркелді.  

Алматы облысында жарылыстан 2 адам зардап шекті Фото: Видеодан скриншот

Оқиға орнына Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарылыс салдарынан пәтердің ішкі арақабырғалары, сондай-ақ есік пен терезе ойықтары зақымданған. Екі адам жарақат алып, Қонаев қалалық аудандық ауруханасына жеткізілді.

– Тұрғындарды жылыту үшін оқиға орнына вахталық көлік жіберіліп, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында психолог маман тартылған. Аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алды, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 5 техникасы жұмыс істеді.

Мамандардың мәліметінше, тұрғын үй орталық газ жүйесіне қосылған. Алайда жарылыс болған пәтерде тұрмыстық газ баллоны қолданылған.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті екі қабаттан жоғары көппәтерлі үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу