Алматы облысында жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап қайтыс болды

577

Баланың денесін шығару үшін екі ғимарат арасындағы сейсмотігіс қоршауын бұзуға тура келді.

Алматы облысында жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап қайтыс болды

Қайғылы оқығы 24 мамыр кешке Талғар ауданы Бесағаш ауылында орын алған. 11 жастағы бала 9 қабатты үйдің төбесінен құлап, оқиға орынында қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жасөспірім ересектердің қарауынсыз қалып, достарымен бірге 9 қабатты үйдің шатырына шығып ойнаған. Кейін екі нысанының арасындағы тереңдігі 17 метр шамасындағы сейсмотігіс саңылауына құлаған.

"Бала оқиға орнында қайтыс болды. Алдағы уақытта осындай қайғылы жағдайлар қайталанбауы үшін азаматтардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз", – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, салынып жатқан қос ғимараттың ортасындағы саңылау жұқа қаңылтырман жабылған. Қайтыс болған жасөспірім соны аяғымен басып, ішіне түсіп кеткен. Оның жанында тағы 2 қыз бала ойнап жүрген. Олардың салмағы жеңіл болған соң аман қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу