Алматы облысында "Жасырын патруль" жұмыс істей бастады

131

Өңірлік Полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұл ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса қажет.

Алматы облысында "Жасырын патруль" жұмыс істей бастады Фото: baq.kz

Бейнематериалдар автоматты түрде шұғыл әрекет ету орталықтарына жолданады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзғандарды енді заманауи бейнебақылау кешендері арқылы анықтайды.

"Жасырын патруль" көліктеріне ешбір танымдық белгі орнатылмайды және ол жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты заңсыздықтарды тіркейді.

 "Бұл жаңашылдыққа адами фактор әсер ете алмайды. Сондықтан жол жүру ережесін бұзу оқиғалары объективті түрде бағаланады", – дейді полиция қызметкерлері.

– Жасырын патруль" дегеніміз жазалау емес. Ең біріншіден, алдын алу құралы. Оның басты мақсаты – жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды патруль болсын және болмасын, жол ережелерін сақтауға шақырады. Себебі жолдағы қауіпсіздік ортақ жауапкершілік деп ойлаймын, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мұрат Қалиасқаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу