Алматы облысында жедел жәрдем көліктері қолданысқа берілді

525

Биыл облыста денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы облысында жедел жәрдем көліктері қолданысқа берілді Фото: gov.kz

Бөлінген қаражаттың арқасында медицина мекемелерінің жабдықталуы 91 пайызға жетті. Қонаев қалалық ауруханасының аумағында медицина қызметкерлеріне 35 жаңа авто­кө­ліктің кілтін тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. 

"Уақтылы шұғыл көмек көрсету үшін бригадаларды көбейтіп, санитарлық көлікті жаңартып жатырмыз. Облысқа лизинг бойынша 35 машина бөлінді, оның жетеуі Қонаев қаласына тиесілі. Бұл дәрігерлердің жұмыс істеуін біршама жеңілдетеді. Өйткені жаңа "жедел жәрдем" көлігі заманауи техникамен жабдықталған", – деді аймақ басшысы М.Сұлтанғазиев.


Жергілікті бюджет есебінен Hyundai H-350 және JAC Sunray маркалы санитарлық көліктің 35 бірлігі сатып алынған. Жаңадан берілген "жедел жәрдем" көліктері Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Талғар, Қарасай аудандарының, сондай-ақ Боралдай мен Қонаев қалаларынан түсетін шақыртуларға қызмет көрсетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу