Алматы облысында 20 сот орындаушысы құмар ойындарға 180 млн теңге жұмсаған

292

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Алматы облысында 20 сот орындаушысы құмар ойындарға 180 млн теңге жұмсаған Фото: unsplash.com

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңселердегі ойын шоттарын тұрақты түрде толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуық болғаны белгілі болды.

Мәселен, жеке сот орындаушыларының бірі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударған.

– Жария – маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді", – делінген хабарламада.

Анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Алматы облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды.

Құзырлы органдар алдында заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу