Алматы облысында жекеменшік үйден екі шетелдіктің денесі табылды

333

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Алматы облысында жекеменшік үйден екі шетелдіктің денесі табылды Фото: instagram/baurzhan__alenov

Қаскелеңде жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған екі ер адам өлі табылды.

26 маусымда полицияға жантүршігерлік хабар туралы 1979 жылы туған азамат арызданған. Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады.

Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың 1980 жылы туған азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-ға қамалған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу