Алматы облысында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қоршаумен қоса қағып кетті

382

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.  

Алматы облысында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қоршаумен қоса қағып кетті Фото: видеодан скриншот

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде Hyundai жүргізушісі дрифт жасап, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды  Inbusiness.kz.

Облыстық полиция оқиға 8 маусым күні кешке болғанын нақтылады.

Видеода түн уақытында қолына сөмке ұстаған ер адам көшеде келе жатқаны көрінеді. Кенет бұрлыстан асқан жылдамдықпен көлік шыға келеді. Жаяу жүргінші көлікті дер кезінде байқап қалып, темір қоршауға секіріп шығуға ұмтылады. Алайда ол құтыла алмайды. Көлік қатты келіп соққаннан ер адам құлап түседі. 

Ведомствоның мәліметінше, Hyundai көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, 35 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Кінәлінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,  процессуалдық шешім соның қорытындысы бойынша қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу