Алматы облысында жеті адам - бір отбасы түгел жоғалып кетті

477

Бүгін сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімі пультіне адамдар іс-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.  

Алматы облысында жеті адам - бір отбасы түгел жоғалып кетті Фото: drive2.ru

Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.

Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу шараларына дрон жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу