Алматы облысында жоғалып кеткен 74 жастағы шопан табылды

380

Алматы облысында мал жаюға шығып, адасып кеткен 74 жастағы ер адам аман - есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында жоғалып кеткен 74 жастағы шопан табылды Фото: Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

23 ақпанда сағат 22:30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Жамбыл ауданы, Үлгелi ауылдық округi маңында 1950 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат түсті.

"Құтқарушылар дереу іздеуге жіберілді. Шопанға ұялы телефон арқылы хабарласқаннан кейін оның шамамен орналасқан жері анықталды. 24 ақпан таңғы сағат 06:05-те адасып кеткен адамды құтқарушылар Айдарлы ауылынан 25 шақырым жерден тапты", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу