Алматы облысында жол апатынан 2 адам ажал құшты

106

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы облысында жол апатынан 2 адам ажал құшты Фото: Telegram/Qumash

Жол-көлік оқиғасы 13 қазанға қараған түні Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейнежазба жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, екі көліктің бірін 13 жастағы жасөспірім басқарған. Жасөспірім жол апатынан кейін емханаға жеткізілді.

"Шамамен сағат 00:30–да "ВАЗ" және "Hyundai Grandeur" маркалы автокөліктері соқтығысты. Алдын ала анықталғандай, "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шыққан кезде басты жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген. Жол апатының салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу