Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

361

Қаза болғандардың ішінде кәмелетке толмаған бала да бар.

Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты Фото: aikyn.kz

Оқиға кеше, 26 шілде күні сағат 11:00 шамасында Алматы – Астана тас жолының 225 шақырымында болған.

Облыстық ПД мәліметінше, 29 жастағы Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу