Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

773

 "Алматы-Бішкек" тас жолының 108 шақырымында жеңіл көлік автобусқа соғылған.

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Алматы облысында жеңіл көлік автобусқа соғылып, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысында 27 желтоқсан күні сағат 21.40 шамасында жолаушылар автобусы мен жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. "Алматы-Бішкек" тас жолының 108 шақырымында "Мерседес-Бенц" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Van Hool автобусымен соқтығысқаны анықталды. Жеңіл көлікте алты адам болған, олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", – деп жазылған хабарламада.

Апат салдарынан автобустың жолаушылары зардап шекпегені атап өтілді.

"Жол-көлік оқиғасының мән-жайын оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатқан полиция қызметкерлері анықтап жатыр", – деп қосты полиция департаментінде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу