Алматы облысында тұманға байланысты жол жабылды

1076

Шектеу бүгін сағат 11.30-да күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы облысында тұманға байланысты жол жабылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, бүгін "Алматы-Өскемен" автожолының 76-161 шақырымында, яғни Қапшағай қаласы мен Сарыөзек кентінің аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

"Төтенше жағдайды болдырмас үшін көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Оқыс жағдай болса, тұрғындар 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу