Алматы облысында жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып жүрген

240

Жыл басынан бері осындай 23 дерек анықталды.  

Алматы облысында жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып жүрген Фото: opennews.kz

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Алматы облысында Toyota Camry көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан 33 жастағы жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық бұзушылық Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы бойындағы бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Полиция заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен жүргізушінің жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері көлікке жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнатудың 23 дерегі анықталған.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу