Алматы облысындағы 11 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

360

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Алматы облысындағы 11 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес Фото: crimeantatars.club

Алматы облысындағы 11 мектептің күрделі жөндеуіне мониторинг жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жөндеуден өтіп жатқан білім ордаларының көбі осыдан 40-50 жыл бұрын бой көтерген. 

Қазіргі уақытта барлық 11 білім беру нысанында демонтаж және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бүгінде 11 білім беру нысанында кешенді жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың басым бөлігінде жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Шартқа сәйкес аяқталу мерзімі 6 айдан 11 айға дейін созылуы мүмкін, яғни оқу жылының басында мектептер балаларды қабылдауға дайын болмайды. Біз білім басқармасымен бірлесіп оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін білім алушылардың уақытша орналасу орындарын белгіледік. Өз кезегінде мердігер ұйымдар жөндеуді белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға дайын", - деді Орта білім комитеті басқармасының басшысы Гүлнар Таласбаева.

Орта білім комитетінің ұсынымдары бойынша білім басқармасы мен мектептер әр мектеп бойынша модификациялау жоспарын әзірледі. Білім басқармасына  жақын орналасқан басқа мектептердің жобалық қуаттылығын ескере отырып, барлық оқушыларды оқытумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу