Алматы облысындағы АЭС сөз күйінде қалды

983

Алматы облысында атом электр станциясы салынбайтын болды.  

Алматы облысындағы АЭС сөз күйінде қалды

Бұл жобаның құр сөз күйінде қалғанын облыс әкімі өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Амандық Баталов станция үшін ешқандай да жер қарастыру, талқылау сынды жұмыстар болмағанын ашық айтты. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатын өткізген әкім соңғы 10 айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндап берді.

Алматы облысының әкімі тілшілермен тілдесуге тыңғылықты дайындалып келіпті. Шырайлы өлкеден арқалықтарға базарлық ретінде апорт алмасын әкеліп үлестірді. Бүтін бір мегаполистің бойтұмарына айналған бұл жемістің жақын арада құны шарықтауы мүмкін. Себебі, Ресей мен БАӘ әдетте қоймада сақталатын алматы апортының жылдық қорын сатып алған. Амандық Баталов бүгінде ерекше дәмі бар әлемге әйгілі апорт тұқымын қайта жаңғырту үшін 2 мың гектарға ағаш отырғызылғанын айтты. Бұл жобаға қосылуға инвесторлар да зор ынта танытыпты. Сондай-ақ әкім қиырдағы көршіміз қытайлықтарды тауық етімен қамтамасыз етуге болатынын айтты. Ол үшін Жаркент маңында құс фабрикасын салу жоспарланып отыр екен. Тіпті, сатып алушы тараппен алдын ала келісімге де келіп қойған. Жоба 100 пайыз экпортқа бағытталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу