Алматы облысындағы ауылда жарық өшіп, тұрғындар жолды жапты

198

3500-ге жуық тұрғын жарықсыз қалды.

Алматы облысындағы ауылда жарық өшіп, тұрғындар жолды жапты Фото: pexels

14 желтоқсан күні кешке Алматы облысы Ащыбұлақ ауыл округіне қарасты Көкқайнар ауылында апатты жағдайда электр қуаты өшіп, 3500-ге жуық адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, аудан басшысы Бағдат Қарасаев және басқа да уәкілетті орган өкілдері тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізген.

Әлеуметтік желілерде аталған ауыл тұрғындары газ, жарық және жылу өшіп қалғандықтан жолды жауып тастағаны туралы ақпарат тарады. 

"Оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеді. Түнгі сағат 23:00-де электр қуаты қалпына келтірілді. Жағдай тұрақталды",- деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу