Алматы облысындағы колледжге "бомба" қойылды

470

Бүгін Алматы облысында сағат 12:10-да М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы облысындағы колледжге "бомба" қойылды Фото: polisia.kz

Policia.kz дерегінше, 500-ге жуық студент, 97 мұғалім, 7 техникалық қызметкер мен екі күзетші эвакуацияланды.

"Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ІІД ТЖД-да тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Қазір саперлар арнайы операция жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу