Алматы облысындағы LRT құрылысы қашан басталады?

1124

LRT ұзындығы – 80 шақырым, ал Алматы мен Қонаевты қосқанда 150 шақырым болады.

Алматы облысындағы LRT құрылысы қашан басталады? Фото: theedgemalaysia.com

Алматы облысындағы LRT құрылысы жобасының қай кезеңде екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Алматы облысының әкімдігі LRT құрылысы бойынша түрік инвесторымен меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Компания Қаскелең-Есік-Талғар-Алматы-Ұзынағаш бағыты бойынша жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Талғар мен Қаскелеңде автотұрақ болады, онда LRT арқылы Алматыға дейін жеткісі келетіндер көліктерін  қалдыра алады. Бұл Алматыдағы көлік кептелісін азайтуы керек, өйткені қалаға күніне 300 мың адам кіреді.

Сондай-ақ түрік компаниясы шілде айында техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісетіні айтылды. LRT ұзындығы – 80 шақырым, ал Алматы мен Қонаевты қосқанда 150 шақырым болады.

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қаржыландыру моделін анықталып, келісім жасағаннан кейін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетінін хабарлады.

"Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін техникалық-экономикалық негіздеме, одан кейін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алуы қажет. Бастапқы кезеңде компания жеңіл рельсті көлік жүйесін дамыту нұсқасын ұсынды. Құрылысқа тапсырыс беруші мен мердігер жауапты", – деп мәлімдеді департамент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу