Алматы облысындағы мектепте 9-сынып оқушысы көз жұмды

469

Аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Алматы облысындағы мектепте 9-сынып оқушысы көз жұмды Фото: canva

Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем келіп, оқыс оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға пікір білдірген адамдар оқушы қайтыс болғанын жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарасай ауданының білім бөлімі бұл ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша таңертең бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 15 жастағы 9 сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Сондықтан мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.

"Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұл – отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылатын болады", – делінген мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу