Алматы облысындағы соңы дауға ұласқан ауыл әкімінің сайлауы қайта өтеді

598

Алматы облысында соңы дауға ұласқан ауыл әкімінің сайлауы қайта өтетін болды. Бұған Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округіндегі нөмірі 860 сайлау учаскесінде болған заңсыздық себеп. 

Алматы облысындағы соңы дауға ұласқан ауыл әкімінің сайлауы қайта өтеді

Дауыс беру кезінде сайлау жәшігіне бірнеше бюллетеньді топтап салып жатқан адамның әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіге тараған болатын.

Жүргізілген тексерістен соң заңбұзушылық болғаны расталып, дауыс беру нәтижесі жойылды. Қалған төрт сайлау учаскесінің берген қорытындысы бойынша көп қолдауға ие болған кандидат анықталды. Алайда, ол өз еркімен ауыл әкімі қызметінен бас тартқандықтан 12-ші ақпан күні сайлау қайтадан ұйымдастырылатын болды. 

"Басқа учаскелерде заң бұзылмағандықтан, сайлаудың нәтижесінде 1990 жылғы азамат жеңіске жетті деп танылды. Бірақ келесі күні ол аудандық сайлау комиссиясына келіп әкім болудан бас тартатындығы жөнінде арызын қалдырып кетті. Сондықтан сайлау келесі жылы өтеді", деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу