Алматы облысындағы үш елдімекенде аулаларды су басты

922

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Алматы облысындағы үш елдімекенде аулаларды су басты

Алматы облысында жауын-шашын мен қар еруіне байланысты жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басты, деп хабарлады inbusiness.kz. 

"8 ақпан түнде ТЖД-ға Алматы облысының 3 елдімекенінде жеке тұрғын үйлердің 40 ауласы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерім Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылындағы оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялады және олар орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорғытылды. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ТЖД ресми өкілі. 

ТЖД-нің хабарлауынша, су басқан жерлерде Алматы облысы ТЖД-ның 67 қызметкері, 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, әрі жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу