Алматы облысындағы жол бойындағы сервис нысандарын дамыту мәселесі қаралды

1069

Алматы облысындағы жол бойындағы сервис нысандарын дамыту мәселесі қаралды

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық оператор ҚР инвестициялар және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетімен бірлесе Алматы облысының әкімдігінің, "Атамекен" ҰКП, "Қазақавтожол" РМК, "Алматыжоллаборатория" РММ, сонымен қатар жол сервисі саласындағы бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі.

Кесдесуде Алматы облысындағы ұсынылатын қызметтердің сапасы, сервис объектілерінің орналасу артықшылығы, аталған саланы мемлекеттік қолдау бойынша қажетті шаралар сияқты жол сервисін дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды.

Инфрақұрылымды дамытудағы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын масштабтық жүзеге асыру тек қана жолдардың құрылысы және қайта жаңарту бойынша ғана емес, сонымен қатар автожол саласын "жұмсақ инфрақұрылымның" сапасын жақсарту бойынша жоғары міндеттерді қоюда. Аталған жылдың ішінде бар 260 басым жол сервис объектілерінің 136 объектісін Ұлттық стандартқа келтіру жоспарланған.

Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері ұсынылған жол сервисін дамыту жоспарын қолдап, шоғырландырылған жұмысқа белсенді қатысуға дайын екендерін білдірді. Аймақтық жұмыс тобы құрылатын болады, Ұлттық стандарттарымен таныстыру үшін ШОБ иеленушілері және өкілдерімен осы сала, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар объектілердің құрылысына кәсіпкерлерді тарту тетігінің айқындылығы туралы дөңгелек үстелдердің топтамаларын жүргізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу