Алматы облысында газ жарылысынан тағы бір адам қаза тапты

233

Ол ауруханада есін жимастан, жан тапсырды.

Алматы облысында газ жарылысынан тағы бір адам қаза тапты Фото: Талғар ауданы әкімдігі

Алматы облысы Гүлдала ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыр жарақат салдарынан кеше 1991 жылы туған науқас ауруханада қайтыс болған еді, ал 2003 жылы туған қыз бүгін түнде есін жимастан жан тапсырды, денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 желтоқсан күні сағат 06:15-те Гүлдала ауылы Байтұрсынов көшесі, 67 және сағат 08:20-да Сүйінбай көшесі, 34 мекенжайындағы жеке тұрғын үйлерде газ-ауа қоспасының өршуінен газ жарылған еді. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу