Алматы облысының әкімі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

405

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады.  

Алматы облысының әкімі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады Фото: gov.kz

Жиын барысында агроөнеркәсіптік кешен, сауда, көші-қон және жастар саясаты саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз үшін мемлекет басшыларының тату көршілік пен өзара сыйластыққа адалдығын көрсететін қарым-қатынасы үлгі бола алады. Азық-түлік кластері арқылы өзбек бизнесмендерімен аймақтық бизнес-форум өткізуге дайынбыз", – деді Марат Сұлтанғазиев құрметті мейманға.

Аймақ басшысының айтуынша, 2022 жылы Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 167,8 миллион АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 110,8 миллион АҚШ долларын, импорт – 57,1 миллион АҚШ долларын құраған. Бүгінгі таңда облыстың негізгі экспорттаушылары сүт өнімдерін, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары болып табылады.

Марат Сұлтанғазиев нақтылағандай, егер біздің облыс өзбек диқандарынан ерте түскен көкөніс пен жеміс-жидек өнімін сатып алса, күзге қарай Өзбекстан біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тауарларын қайтарып алуда.

Өз кезегінде Төтенше және Өкілетті Елші 2018 жылы Алматы және Ташкент облыстары арасында келісімдер болғанын және қазір келісімдерді жаңарту қажеттілігі туындап отырғанын, бұл ретте Өзбекстанның басқа облыстарының әкімдерімен де осыған ұқсас бірқатар іскерлік кездесулер өткізуге болатынын атап өтті. Осыны ескерген елші Өзбекстанда өтетін бизнес-форумға Алматы облысынан делегация жіберуді ұсынды.

Кездесу барысында ЕАЭО мүмкіндігін ескере отырып, өңірге бизнесті тарту факторы болып табылатын Алматы облысының көлік-логистикалық әлеуеті талқыланды.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев Саидикрам Ниязқожаевқа өңірді одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды. Кездесу соңында тараптар сауда-саттықты одан әрі арттыру мақсатында бизнес-қоғамдастықтың кездесуін өткізуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу