Алматы облысының полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

850

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып Бауыржан Аленов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алматы облысының полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша және ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес, Аленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", – делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.

Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Ішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментінің бастығы болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу