Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр

43

Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Сыдықов айтты.  

Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр Фото: eldala.kz

Алматы облысында көктемгі дала жұмыстарына 3 650 тонна, күзгі егін басындағы еңбекке 201 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен 1366,7 тонна дизель отынына өтінім қабылданып, шаруашылықтарға уақтылы жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дизель отыны аудандар бойынша бөлінді:

  • Райымбек ауданына 313,8 тонна;
  • Жамбыл ауданына 193,6 тонна;
  • Еңбекшіқазақ ауданына 162,3 тонна;
  • Іле ауданына 186,5 тонна;
  • Ұйғыр ауданына 37,8 тонна;
  • Кеген ауданына 56,3 тонна;
  • Қарасай ауданына 111,4 тонна;
  • Талғар ауданына 120,9 тонна;
  • Қонаев қаласына 159,1 тонна;
  • Балқаш ауданына 25 тонна.

"2025 жылға облысқа 5 016,7 мың тонна дизель отыны жоспарланған. Сонымен қатар қосымша 3,0 мың тонна көлемінде сұраныс беріліп, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қосымша бөлінген көлемнің 43,3 тоннасы шаруашылықтарға жеткізілді", – деді Димаш Сыдықов.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылатын дизель отынының бағасы нарықтық деңгейден 26 пайыз төмен – литрі 250 теңге. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған өтінімдерді қабылдау 1–30 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Облыста ауыл шаруашылығы саласында техника паркін жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 490 бірлік жаңа техника сатып алу көзделген болса, қазіргі таңда 6,3 млрд теңгеге 391 бірлік техника алынған.

Жоспардың 79,7 пайызға орындалған. Оның ішінде "ҚазАгроҚаржы" арқылы 4,5 млрд теңгеге 258 техника, ал шаруалардың өз қаражаты есебінен 1,8 млрд теңгеге 133 техника сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу