Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келді

306

Бұл қызметке Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы тағайындалды.

Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келді Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімінің өкіміммен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Данияр Дүйсенбіұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. 

2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша, 2015 жылы Ұлыбритания Шеффилд Университеті, "Болашақ" бағдарламасының "халықаралық қатынастар магистрі" мамандығы бойынша аяқтаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы Есеп комитетінің инспекторы болып бастаған. 

Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігі сарапшысы, Экономикалық даму және сауда министрлігінің басқармасының бастығы, департамент директорының орынбасары, Премьер-Министр бірінші орынбасарының кеңесшісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары, Премьер-Министр кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы. 

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. 

Осы уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу