Алматы пандемияның жаңа толқынына дайын – Бақытжан Сағынтаев

702

Шаһарда 7 мыңнан астам төсек-орын әзірленді.

Алматы пандемияның жаңа толқынына дайын – Бақытжан Сағынтаев

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пандемияның жаңа толқыны мен мегаполистің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шаралар туралы сөз қозғады. 

Оның сөзінде Алматыда қуаттылығы 7011 төсек-орын болатын 23 коронавирусты емдеуге арналған стационар дайындалған. Жалпы пандемия кезінде Алматыда үш жаңа инфекциялық стационар салынды – 2 модульді клиника және РВ-90 госпиталі. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен 2 клиника қайта құрылды. 

"Клиникалардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткен жылы мекемелерді медициналық жабдықтармен жарақтандыру және оларды жаңарту бойынша үш жылдық бағдарлама қабылданды. Биылғы жылы 74 стационар мен клиникалар үшін 4197 бірлік құрал-жабдық сатып алынды", – деді Алматы әкімі.  

Сондай-ақ, қаланың жедел медициналық қызметі үшін жаңа 35 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. 16 желтоқсанға дейін қосымша 50 көлік келеді. 2021 жылдың басында тағы 50 көлік алынбақ. 

"Жалпықалалық зертханалық желі мен пациенттерді диагностикалау жұмысы орталықтандырылды. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 14 мыңнан астам ПТР-зерттеулерін 22 мыңға дейін кеңейту мүмкіндігі бар", – деді әкім.

Қалалық стационарлар үшін тікелей қолжетімді КТ, МРТ, рентген-суреттердің бірыңғай банкі құрылды. Енді жасанды интеллектке негізделген арнайы платформа өкпенің ең көп зақымданған аймағын анықтайды. Ол дәрігерлерге нақты диагноз қоюға және ем-домның сапасын жақсартуға көмектеседі. 

"Өткен жылы біз жақын орналасқан қолжетімді жерден медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету бойынша үш жылдық қалалық жоспарды қабылдадық. Барлығы 35 амбулатория салынады. 16 амбулатория іске қосылды, келесі жылы тағы 11 амбулатория пайдалануға беріледі. Медициналық ұйымдарының кәріз суларының биологиялық қауіпсіздігі режимі енгізілді және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға бақылау күшейтілді", - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу