"Алматы-Петропавл" бағытындағы пойыз шұғыл аялдама жасады

583

2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін №105/106 "Алматы-2 – Петропавл" бағытындағы пойыз 2 рейске тоқтатылды.

"Алматы-Петропавл" бағытындағы пойыз шұғыл аялдама жасады

Бүгін техникалық себептерге байланысты "Астана-Петропавл" учаскесінде №105 "Алматы-Петропавл" пойызы жөнелтілмейді, деп жазады inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 04.27-де "Алматы-Петропавл" бағытындағы № 105 жолаушылар пойызы техникалық вагонның ақауына байланысты "Қарағанды-Астана" учаскесінде шұғыл аялдама жасады.

Ақпаратқа сәйкес, пойызда 184 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жолаушылар "Мырза – Шоқай" аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4  "Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" (Тальго) пойызына отырғызылады.

Бурабай курорты, Көкшетау және Петропавл станцияларына бағыт алғандар үшін Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін  жеке құрам ұйымдастырылды.

Тексеру жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу