Алматы полициясы алаяқтарды SIM-карталармен қамтамасыз еткен топты ұстады

109

Аталған құрылғылар заңсыз әрекеттер үшін қолданылған.  

Алматы полициясы алаяқтарды SIM-карталармен қамтамасыз еткен топты ұстады Фото: polisia.kz

Алматы қалалық киберпол қызметкерлері мессенджерлерге тіркеу үшін көп мөлшерде SIM-карталар мен мобильді телефондарды сатып алып, пайдаланған адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында 400-ден астам SIM-карта, ондаған банк картасы мен бірнеше мобильді телефон тәркіленді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, SIM-карталар мен телефондар telegram" және whatsApp мессенджерлерінде тіркеу кезінде растау кодтарын қабылдау үшін сатып алынған.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың интернет-ресурстар арқылы жасалған бірқатар алаяқтықтарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

"Интернет-алаяқтықпен күрес – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Біз SIM-карталардың заңсыз айналымына қатысты тізбектерді анықтап, полицияның өзге де бөлімшелерімен бірлесе отырып, барлық мән-жайды анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді тергеу іс-шараларын жүргізіп жатырмыз", – деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу