Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шара кезінде әуе және автокөліктердің қозғалысына шектеулер жоқ.
Оқу-жаттығу тапсырмалары адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған.
"Қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін қадағалап, жалған ақпарат таратпау керек", – деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар, қалалық полиция ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.