Алматы полициясы есірткі зертханасын құрықтады

748

Арнайы іс-шара барысында күдіктілердің синтетикалық есірткі саудалағаны белгілі болды.  

Алматы полициясы есірткі зертханасын құрықтады

Алматы полициясы есірткі зертханасын анықтаі бойынша арнайы іс-шара жүргізді, деп хабарлады Polisia.kz. 
Арнайы шара барысында 1994, 1996 және 1997 жылы туған үш жігіт полиция назарына іліккен. Олардың қылмыстық іс-әрекетін ҚР ІІМ ЕҚКД және Алматы қаласы ПД ЕҚКБ қызметкерлері зерттеді. 

"Осылайша Абай даңғылында ішінде екі адамы бар "Hyundai" автокөлігі тоқтатылды. Күдіктілердің біреуі – А. есімді азаматтан санкцияланған тінту кезінде "мефедрон" синтетикалық есірткі салынған бума табылды және тәркіленді. Күдіктілердің мұны Жетісу ықшам ауданындағы қарапайым пәтердің қабырғасында жасағаны анықталды. Химиялық компоненттер мен есірткі жасауға арналған заттарды олар тоңазытқышта сақтаған. Үйден ақ түсті ұнтақты зат, полиэтилен пакеттер (орауға арналған), өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақ зат, қабаттары бар шыны колбалар, ақ түсті ұнтақты зат және басқа жабдықтар табылды. Жатын бөлмеден химиялық реагенттер, синтетикалық есірткілер шығаруға арналған түрлі компоненттер, екі магнитті араластырғыш, әртүрлі колбалар, желдеткіш және екі май радиаторлары сақталған. Біз үшінші күдіктіні жалдамалы пәтерден ұстадық",– деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов. 

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар психотроптық зат синтетикалық есірткі болып табылатыны белгілі болды. Тәркіленген шикізат пен дайын өнімнің жалпы салмағы 10 келіні құрады.

"Ұсталғандар қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297 бабы қылмыс белгілері бойынша тергелуде. Сонымен қатар, жалпы жедел іс-шаралармен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуметтік үгіт материалдары арқылы халықтың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Бүгінде қала аумағында 56 сыртқы жарнамалық таблоидтар – билбордтар бар. Сондай-ақ, 79 LED-экрандар нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған ақпаратты таратады"– деп қорытындылады Ерлан Алмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу