"250 км/сағ жылдамдықпен жүрген": Алматы полициясы көлік жарыстары туралы мәлімдеме жасады

153

Шаһарда 3 тәулік ішінде 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. 

"250 км/сағ жылдамдықпен жүрген": Алматы полициясы көлік жарыстары туралы мәлімдеме жасады Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласының полиция департаменті жолдағы жағдайды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейд жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік басқару құқығынан шеттетілді. Одан бөлек 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болған. Оның ішінде 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

"Полиция қызметкерлері қауіпті жүргізу, оның ішінде түнгі жарыстар деректерін анықтап, жолын кесті. Жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелді. Кейбір жүргізушілер құқық бұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялайды. Алайда әрбір мұндай дерек бақылауда, құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапқа тартылады", – деп мәлімдеді департаменттен.

Алматы полициясы мұндай жағдайлардың бірі Әл-Фараби даңғылында болғанын атап өтті. Жүргізуші автокөлігін сағатына 250 шақырым жылдамдыққа дейін үдеткен. Нәтижесінде ол жедел түрде ұсталған. Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу