Алматы полициясы тағы бір вайнерге іздеу жариялады

1994

Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталуда.

Алматы полициясы тағы бір вайнерге іздеу жариялады

Алматы полициясы Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жариялады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында (қаржылық, инвестициялық, пирамидалық схеманы жасау және басқару) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Қырғызстан Республикасының 30.09.1986 жылы туған тумасы Саидбаев Әзімжан Алымжанович іздестірілуде. Бұлтартпау шарасы: қамауға алу", — деп жазды Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Іздеудегі адам туралы мәлімет білетіндер +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарласуларын сұрады. 

Еске сала кетсек, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Төребаев пен Шерниязов кепілмен босатылған. Тергеушілердің айтуынша, вайнерлер Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу