banner

Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақыратын үгіт науқанын бастады

897

Қаладағы лэд-экрандарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр. 

Алматы полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақыратын үгіт науқанын бастады

Алматы полициясы қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда келушілерге ақ ленталар таратуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық ПД хабарлауынша бұл "Ақ лента - Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" науқанының аясында өтіп жатқан шара. 

"Мұндай науқан 1991 жылдан бері бар. Канадада ақ лента қозғалысы, ерлердің бастамашыл тобы әйелдер мен балалардың жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегетініне көздерін ашуға шешім қабылдаған кезде басталды. Зорлық-зомбылықтан бас тартудың белгісі ретінде олар киіміне ақ лента тағуды бастады", –  дейді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" науқаны аясында инспекторлар 10 мыңнан астам ақпараттық брошюраларды, буклеттерді, жадынамаларды таратқан. 

Сонымен қатар, қаладағы 53 цифрлық бейне жарнамалық тақтада отбасындағы озбырлықты тоқтатуға шақыратын видео таратылуда. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу