Алматы полициясы заңсыз онлайн несие рәсімдеген алаяқтарды ұстады

789

Олар клиенттердің шоттарына қаражат түскеннен кейін интернет-банкинг арқылы басқа банктердің шоттарына аударып отырған.   

Алматы полициясы заңсыз онлайн несие рәсімдеген алаяқтарды ұстады

Медеу аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы банктен онлайн несие рәсімдеумен айналысқан 36 және 24 жастағы азаматтарды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алғашқы тергеу әрекеттері барысында анықталғандай, күдіктілер өтініште көрсетілген адамдарға айтпастан және келісімінсіз адамдардың өтінішінде көрсетілген жеке деректерді, сондай-ақ олардың суреттерін немесе бейнефрагментін қолдана отырып, банктің сайтында онлайн несие алуға өтінімдерді толтырды. Несиелік өтінімдер мақұлданғаннан кейін және клиенттердің шоттарына қаражат түскеннен кейін, қаражатты интернет-банкинг арқылы басқа банктердің шоттарына шығарған. Осылайша банктердің біріне жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілді", – деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Полицейлер жүргізген арнайы шаралардың арқасында олар алаяқтарды анықтап, ұстауға қол жеткізді. Қазіргі уақытта, тергеу аяқталғанша, "алаяқтардың" екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағы – "Ақпараттық жүйені пайдаланушы алдау немесе сеніміне қиянат жасау арқылы жасалған алаяқтық" бойынша тергелуде. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу