Ал, жеңімпазды қала тұрғындары таңдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
8 ақпанда Астана уақытымен сағат 14:00-де Ресейдің "Первый канал" телеарнасында Алматыда түсірілген "Повара на колесах" гастрономиялық реалити-шоуының шығарылымы эфирге шығады.
Түсірілім 2025 жылы 2-5 қазан аралығында өткен. Бағдарламада Мәскеуден келген жұлдызды бас аспаздар қаланың гастрономиялық мәдениетімен және тарихымен танысып, сондай-ақ Алматының көрнекті орындарын аралайды.
Шығарылымға ұлттық тағамдар мейрамханасы, Алма-Арасан курорттық аймағы, жүргіншілерге арналған Арбат көшесі енді. Байқауға қажетті өнімдерді қатысушылар көк базардан сатып алған.
Түсіру тобына Almaty Tourism Bureau командасы ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.