Алматы прокуратурасы митинг өткізу туралы ел тұрғындарына ескерту жасады

420

Алматы прокуратурасы митинг өткізу туралы жалған хабарламаларға қатысты ел тұрғындарына ескерту жасады.

Алматы прокуратурасы митинг өткізу туралы ел тұрғындарына ескерту жасады Фото: google.com

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әлеуметтік желілерде биылғы 31 мамырда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілер мен шерулерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер кеңінен таралған.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Бұл күндері Алматы қаласында қандай да бір бейбіт жиналыстар өткізу келісілмеді.

Осыған байланысты, жалған хабарламалар арқылы жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын ескертеміз.

Өкінішке қарай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізудің заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алып
келуде. бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен (бұдан әрі - заң) бекітілгеніне назар аударамыз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тиісінше, Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (Заңның 3 - бабының 3-тармағы) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылыққа, оның ішінде 25 тәулікке дейін қамаққа алу шарасына әкеп соғады.

Сондықтан заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария түрде шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырады.

"Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады",-делінген прокуратураның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу