"Алматы-Тараз" бағытындағы рейстерді қай әуе компаниясы орындайтыны белгілі болды

599

Алматы-Тараз субсидияланатын әуе бағытына өткізілген қосымша байқаудың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-Тараз" бағытындағы рейстерді қай әуе компаниясы орындайтыны белгілі болды

"Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен "Алматы-Тараз-Алматы" әлеуметтік маңызы бар әуе бағытына байқау өткізілді. Байқаудың қорытындысында "SCAT" әуе компаниясы осы бағытта тасымалдаушы болып айқындалды", – деп жазылған хабарламада.

Тұрақты рейстер 2021 жылдың 5 қарашасынан басталады деп жоспарланған.

"Рейстер 148 және 50 орындық "Б-737" және "CRJ-2" әуе кемелерімен аптасына 6 рет орындалады. Билет құны – 9 мың теңге болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу