Алматы – Ташкент бағытында Тальго пойызы қатынайтын болады

596

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы – Ташкент бағытында Тальго пойызы қатынайтын болады Фото: rail-news.kz

14 желтоқсаннан бастап "Алматы – Ташкент" халықаралық бағыты бойынша Тальго пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл шешім тәулігіне 400-ден астам жолаушыны тұрақты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Бағытқа жоғары жайлылық деңгейіне ие Тальго құрамдары шығарылады.

"Күнделікті қатынас пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапарларды жоспарлауды ыңғайлы етеді. Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.

Алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу