Алматы тауларындағы Комби-2 ауданында 3200 метр биіктікте төрт жасөспірім өздігінен таудан түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жетіп, жасөспірімдерді қауіпсіз түрде төменге түсірді. Олар Медеу шатқалына дейін аман-есен жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, таудағы құтқару операциясы сәтті аяқталған.
– Тауға шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыз, бағытты алдын ала жоспарлаңыз, ауа райы болжамын қадағалаңыз, қажетті жабдықсыз жолға шықпаңыз және қайда баратыныңызды жақындарыңызға хабарлаңыз. Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз! – делінген ТЖМ хабарламасында.