Алматы тауларында 4464 метр биіктіктен ресейлік турист құтқарылды

282

Тау ауруына шалдыққан шетелдік турист тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.  

Алматы тауларында 4464 метр биіктіктен ресейлік турист құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының тауларында тағы бір шетелдік турист құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары теңіз деңгейінен 4464 метр биіктікте орналасқан Свердлов мемлекеттік университеті (СМУ) шыңынан туристі сәтті эвакуациялады.

Алты адамнан тұратын туристік топ (үш ер адам және үш әйел) шыңға көтерілу кезінде топ мүшелерінің бірінің жағдайы тау ауруының белгілеріне байланысты күрт нашарлаған. Осыдан кейін туристер Garmin спутниктік байланыс құрылғысы арқылы құтқарушылармен хабарласып, өздерінің нақты орналасқан жерінің координаттарын жолдаған.

Оқиға орнына Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел ден қою орталығының қызметкерлері, "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Құтқарушылар 1992 жылы туған Ресей Федерациясының азаматын тікұшақпен эвакуациялап, Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың тікұшақ алаңына жеткізді. Кейін ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Ал туристік топтың қалған мүшелері эвакуациядан бас тартып, бағыттарын өз бетінше жалғастырған.

ТЖМ биік таулы аймақтарға шығар алдында денсаулық жағдайын бағалап, ауа райы мен жерсіну ерекшеліктерін ескеруге және сенімді байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу